368,46 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында фермерлер мен ғалымдар цифрландыру мәселесін талқылады

  • 174
  • UPD: 15:29, 06.08.2018

Ауыл шаруашылығы саласын жаппай цифрландыруды белсенді түрде жүргізу керек. Бұл мәселені ғалымдар мен фермерлер бірігіп талқылап жатыр.

Олар егістік басына барып, өзара кездесулер өткізіп, тәжірбие алмасуда. 

Астаналық ғалымдар заманауи гаджеттармен егістік басында. Олар жаңа технологиялардың егін шаруашылығында  қолданылуын көрсетуде . Мұндай тəжірибелік ликбездер цифрлық  жобаға енген  4 облыстың 9 аймағындағы шаруашылықтарда өткізіліп жатыр.

Бекмырза Садықов, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің маманы:

- Цифрлық технологияға көшудің бірнеше басымдылықтары бар. Біріншіден, шапшаңдығы мен дəл болжамдар жасау. Жердегі зиянды ағзаларды жедел түрде анықтап, егіншілерге тез арада кеңес беру мүмкіншілігі бар.Олар өз кезегінде, қай егістікте не істеу керектігін біліп, əрдайым хабардар болады.

«Шахтерское» шаруашылығы жаңа технологияларды қолдануды 3 жыл бұрын бастаған. Оның тиімділігін  картоп отырғызғанда байқапты. Енді биыл цифрлық технологияны бидай өсіруде қолданып көрмек.  Технология бойынша топырақтың толықтай сараптамасын алып, егетін тыңайтқыштардың көлемін арттырды. Ал байланыс серіктер мен дрондардан алынған суреттерге негізделіп, даланың арамшөптің көлемін қадағалап отырады.

Владимир Шмулянт, шаруашылық агрономы:

- Күніне енді 3 даланы қадағалап шығамын. Ал дронның көмегімен бір күннің ішінде 5-6 га жерді қарап шыға аламын. Арам шөптердің қай жақта көп, қай жақта аз екенін білу үшін. Сонын көмегімен гербицидтерді үнемдей бастадық.

Фермерлердің айтуынша, цифрлық технологиялар оң нəтиже беруде. Өнімділік пен сапа артып келед. Биыл тəжірибелік алқаптардан былтырғы жылға қарағанда 30% көп бидай алу көзделіп отыр.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Сайлау Игликов, Асет Асайынов

Осы категория бойынша: « Шалқар көліне экологиялық қауіп төнді Қызылордада Ұлттық ұланның қатары толықты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы