365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада Ұлттық ұланның қатары толықты

  • 193
  • UPD: 15:38, 06.08.2018

Қызылорда облысы орталығында 9 жыл бұрын құрылған Ұлттық Ұлан сарбаздары қоғам тыныштығын сақтауға елеулі үлес қосып келеді.

150 ұланның 46 бағыт бойынша таңнан кешке дейін қала аумағын үздіксіз қадағалауының нәтижесінде топтық төбелестер мен шет аймақтағы қылмыстар азайған. Тіпті бірнеше жауынгер тұтастай отбасын өрт құшағынан аман алып шығып, жоғары марапаттарға ие болды. Ширақ қимылы мен әскери антқа адалдығы арқасында өз тиімділігін дәлелдеп берген Ұлттық Ұлан қатары жаңа сарбаздармен толықты. Отан алдындағы борышын Қызылорда облысындағы 55\47 әскери бөлімінде өтейтін 140 жауынгер Тағзым алаңында салтанатты түрде ант қабылдады. Мерзімді әскери қызметке Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Алматы облыстарының өрендері шақырылып отыр. Сапты толтырған сарбаздарға қоғамдық қауіпсіздік және түзету мекемелерін күзетуге байланысты жауынгерлік тапсырма жүктеледі.

Азамат Мейіржанұлы, Ұлттық Ұлан сарбазы:

- Отан алдындағы борышымды өтеу ол менің парызым, міндетім. Менің ғана емес өзін ер жігіт санайтын жігіттердің міндеті деп санаймын. Халыққа қалаулы, елге елеулі азамат болып, әрқашан егеменді ел мәртебесін көтеріп, мықты болу біздің парызымыз. Барлық жігіттерді әскерге шақырамын.

Осы категория бойынша: « Қарағанды облысында фермерлер мен ғалымдар цифрландыру мәселесін талқылады Биыл 6500 астаналық тегін кәсіби білім ала алады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы