365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да алаяқтықпен айналысқан Өзбекстан азаматына 35 қылмыстық іс қозғалды

  • 161
  • UPD: 13:43, 10.08.2018
БҚО-да алаяқтықпен айналысқан Өзбекстан азаматына 35 қылмыстық іс қозғалды vsluh.ru

Батыс Қазақстан облысында алаяқтықпен айналысқан Өзбекстан азаматына бірден 35 қылмыстық іс қозғалды.

Оралға келген 24 жастағы шетелдік құрылыс материалдарын, соның ішінде тақтай сататынын айтып хабарландыру берген. Өзін кәсіпорын директоры ретінде таныстырып, арзан ағаш алғысы келген жандармен келісімшартқа қол қойған. Миллиондаған мөлшерде алдын ала төлемақыны қалтаға басқан соң табанын жалтыратады. Осылайша, бір жыл бойы аңқау елдің қалтасын қағып келген. Тергеу барысында алаяқтың әрекетінен тек Оралдың өзінде 40-қа жуық тұрғын зардап шеккені анықталды.

Ибрагим Жүсіпқалиев, облыстық ІІД бөлім бастығы:

- Облыс тұрғындарын алдап келген алаяқ елден шықпақ болғанда Солтүстік Қазақстан облысының аумағынан қолға түсті. Оның Оралда ғана емес, өзге қалаларда да осындай іспен айналысқаны күні бүгін тексерілуде. Орал қаласы сотының шешімімен ол ешқайда қашып кетпеуі үшін қамауға алынды.

Осы категория бойынша: « Қазақстандықтар 11 тамызда Күннің тұтылуын тамашалай алады Павлодардағы Ертіс жағажайы тағы бір шақырымға ұзартылады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы