365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Солтүстікқазақстандық жас кәсіпкер мүгедектерге арнайы құралғы жасап шығарды

  • 163
  • UPD: 14:06, 10.08.2018

Солтүстікқазақстандық жас кәсіпкер Руслан Смағұлов мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы құралғы жасап шығарды.

Әсіресе, бір қолынан айырылған жандар құрылғының көмегімен түрлі ыдыстың қақпағын өздігімен аша алады. Бүгінгі күнге дейін Руслан 30 шақты данасын дайындап, оны Петропавлдан бөлек Астана және Көкшетау қалаларына саудалаған.

Айта кеткен жөн, бүгінде оның Қазақстанда баламасы жоқ. Сондықтан болашақта құрылғыны одан әрі жетілдіру жоспарда бар. Кәсіпкер өз өнімін «Үздік әлеуметтік жоба» өңірлік байқауына ұсынып, екінші орынды иеленді.

Руслан Смағұлов, кәсіпкер:

Статистикаға сүйенсек, елімізде 700 мыңнан астам адамға осындай құрылғы қажет екен. Бұл жалпы халықтың 4%-ы. Әзірге олар оны шетелден сатып алып жатыр, Сәйкесінше, бағасы да қымбат. Сондықтан келешекте түймелерді, кілттерді ұстап алатын тағы осы секілді көмекші құралдарды жасап көрсем деген ойым бар.

Осы категория бойынша: « Павлодардағы Ертіс жағажайы тағы бір шақырымға ұзартылады Алматыда «Сырға толы саяхат» квест ойыны басталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы