367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қыпшақтар қатысқан шайқас күні Грузияда атап өтілді

  • 237
  • UPD: 17:19, 13.08.2018
Қыпшақтар қатысқан шайқас күні Грузияда атап өтілді

Грузия ауа райының қолайсыздығына қарамастан Дидгор шайқасы күнін атап өтті.

Бұл 900 жыл бұрын болған оқиға. Содан бері грузиндер үшін ұлық мерекеге айналған. Дәстүрге сай Тбилиси маңындағы Дидгори ауылында ұлан-асыр той.

Дидгор шайқасы мемориалды кешенінде ұлықталған батырлар қатарында қыпшақтар да бар. Осыдан 9 ғасыр бұрын түрік әмірлерінің әскеріне 15 мың қыпшақ қарсы шыққан. Олардың Дидгор шайқасындағы ерлігі жайлы грузин тарихшылары былай дейді.

Гоча Омаидзе, тарихшы:

- Давид Агмашенебели патша шайқас кезінде қыпшақтардың көмегіне, әсіресе ақылы мен парасатына сүйенді. Олар шетінен ержүрек, әсіресе рухы күшті еді. Қыпшақтардың грузин тарихындағы орны ерекше. Дидгор шайқасы өткен 100-120 жылдан кейін де олар грузин елінің тәуелсіздігі үшін күресті.

Бұл күнді барша грузин халқы ерекше атап өтеді. Алайда бүгін жауын мен тұман салдарынан олардың көбі Дидгори алаңына жете алмады. Десе де, бишілер күннің суықтығын елемей, халық биінің күрделі элементтерін сауатты орындап берді.

Георгий Гилигашвили, Тбилиси қаласының тұрғыны:

- Дидгори алаңы мен шайқастың өзі мен үшін тарих. Біз достарымызбен ұлық күнді тойлауға келдік. Мен грузин ретінде қатты толқып тұрмын әрі осы жерде ерлік көрсеткен бабаларым үшін мақтанамын. Сол айқас күні де ауа райы осындай болып тұрса, жаулар біздің жерге өте алмас еді. Бүгінгі күннің салқындығы халықтың көңіл көтеруіне кедергі келтіріп тұрғаны өкінішті.

Айтпақшы Грузия Парламенті Дидгороба мерекесін ресми түрде тойлау жайын қарастырып жатыр. Келесі жылдан бастап ел күнтізбесінде 1121 жылғы Дидгор шайқасындағы жеңіс күні ретінде белгіленуі бек мүмкін.

Авторлары: Татия Джанибегашвили

Осы категория бойынша: « Павлодарлық кәсіпкер қараусыз қалған көлде балық шаруашылығын дамытпақ Түркістан облысында «Хабар» Агенттігінің тілшілер қосыны ашылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы