374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматылық оқушылар денсаулыққа зиянды сусындарды пайдаланады

  • 153
  • UPD: 09:45, 17.08.2018

Алматыдағы мектеп оқушыларының саламатты өмір салтына деген күнделікті белсендігілі төмен.

Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы мәлімдеді. Оның айтуынша, күнделікті физикалық белсенділік әрбір оныншы балаға ғана тән. Оған қоса жасөспірімдердің 91 пайызы газдалған сусындарды жиі пайдаланады екен. Мұндай дерек жылдың бірінші жартысында жасалған сауалнама нәтижесінде белгілі болды. Оған мыңға жуық оқушы қатысты. «Сонымен қатар оқушылар күнделікті өмірде көкөніс пен жеміс-жидекті сирек пайдаланады», – дейді департамент басшысы.

Айзат Молдағасимова, қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы:
- Дұрыс тамақтанбағандықтан болатын аурулардың басым бөлігі Бостандық пен Медеу аудандарында тіркелді. Он тоғыз мың мектеп оқушысының көру қабілеті төмен, жүйке жүйелері сыр берген, тыныс алу жүйелері зақымдалған және асқазан-ішек жолдарының ауруы тіркелді. Балалардың қалай тамақтанатынын тексеру үшін 640 баладан сауалнама алдық.

Осы категория бойынша: « Алматыда 164 көшенің атауы өзегерді Отандық ғалымдар тісжегіні емдеудің жаңа әдісін ойлап тапты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы