374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәжіліс депутаттары Жамбыл облысындағы кәсіпорындарды аралады

  • 347
  • UPD: 22:06, 22.08.2018
Мәжіліс депутаттары Жамбыл облысындағы кәсіпорындарды аралады

Жамбыл өңіріне барған Мәжіліс депутаттары аймақтағы бірқатар кәсіпорындарда болды.

Олар Елбасы бастамаларының орындалу барысы, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлікті дамыту, шағын несиелеу, мектептердің оқу жылына дайындығы барысымен танысты. Сондай-ақ депутаттар Жамбыл ауданы Аса ауылындағы Орталық емханаға да атбасын бұрды. Емдеу мекемесінде бүгінгі күні 36 білікті дәрігер қызмет көрсетеді.  Емхана «Даму» медициналық ақпараттандыру жүйесіне қосылып,  электронды сандық форматқа көшкен. Алайда шешімін таппай жатқан мәселе де бар, мысалға, емдеу мекемелерінің бір-бірімен қарым- қатынасы дұрыс жолға қойылмаған.

Зәуреш Аманжолова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Мысалға осы жердегі адамды, порталға жіберу, портал арқылы мысалға онкологияға, кадиохирургияға, облыстық ауруханаларға, я тіпті республикалық институттармен орталықтарға жіберген кезде олармен қарым қатынасы, ол ауру қалай боп жатқаны, қашан шыққанын мына бір күнде осындай ақпарат алмасу әлі де толығымен орындалмай жатыр.

Бақытгүл Хаменова,  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Мынау осы өңірлерді аралап, халықпен етене бөлісіп, Елбасының алдымызға қойып отырған міндет бағдарламалар шеңберіндегі атқарылатын жұмыстарды және мынау өздеріне тиеселі министрліктерімізге айтылатын мәселені біздер депутаттық сауалдарымызға арқау қыламыз.

Осы категория бойынша: « Мәжіліс депутаты ҰҚК шекара қызметі әскери бөлімінде болды Қазақстандықтарға алаяқтық шабуыл жасалды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы