365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда көздің жұқа қабығы жаңа технологиямен ауыстырылуда

  • 315
  • UPD: 07:53, 23.08.2018
Алматыда көздің жұқа қабығы жаңа технологиямен ауыстырылуда

Алматыдағы Көз аурулары ғылыми зерттеу институтында көздің жұқа қабығын ауыстыру операциясы жаңа технологиямен жасалуда.

Бұрын отандық дәрігерлер зақымдалған көз қабығын ауыстыру үшін оның барлық қабатын толықтай алып тастап, басқа қабық салатын. Енді мөлдір қабықшаны ішкі жағынан ауыстыру тәжірибеге енгізілуде. Бұл әдіс көз жанарын толық ашумен тігіс жасауды қажет етпейді. Сәйкесінше, операциядан кейін емделуші тез оңалып, көру қабілеті жақсарады. Жаңа әдіс Көз аурулары ғылыми зерттеу институты мен Америкалық көз қабығы банкімен жасалған келісімдерінің арқасында енгізіліп отыр. Республика бойынша көз қабығын ауыстыруға мұқтаж 200-ге жуық емделуші бар. Елімізде донорлық жолға қойылмағандықтан, жанары зақымдалған жандар көз қабығын ауыстыру операциясын ұзақ күтуіне тура келетін. Жаңа технология бойынша жыл соңына дейін 7 науқасқа Мұхит асып келген консервіленген көз қабықтары ауыстырылып салынады.

Марат Сүлейменов, «Көз аурулары ҚазҒЗИ» АҚ басқарма төрағасы:

- Бұрын қалай жасайтын едік? Емделушінің жанарының барлық қабатын ашып, донордың көз қабығын орналастыратынбыз. Операциядан кейін науқаста көптеген ауырсынулар болатын. Тігіс жасағаннан кейін қабықша созылып, дұрыс салынбайтын. Бұл көру қабілетін де нашарлататын. Ал қазір көзді толық ашпай-ақ, ішкі қабат арқылы мөлдір қабықшаны ауыстыру әдісін енгізіп жатырмыз.

Осы категория бойынша: « Қызылорда облысында 28 көпқабатты үй пайдалануға беріледі Қызылордада зағиптарға арналған ақпараттық жадынама пайда болды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы