374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада алдағы бес жылда 24 жаңа мектеп ашу жоспарланған

  • 181
  • UPD: 21:42, 23.08.2018

Биыл жаңа оқу жылында бас қаладағы оқушылар саны 155 мыңға жетеді.

Оның ішінде 18 мыңға жуық бөбек алғаш рет мектеп табалдырығын аттағалы тұр. Көрсеткіш жыл санап артып келеді. Өйткені осыдан 7 жыл бұрын астаналық бүлдіршіндер саны 75 мыңнан сәл ғана асатын. Сондықтан алдағы уақытта бас шаһардағы білім ордаларын көбейту көзделіп отыр. Бұл туралы тамыз кеңесінде қала басшысы Әсет Исекешев мәлім етті. Оның айтуынша, алдағы бес жылда 24 жаңа мектеп ашу жоспарланған. Сондай-ақ 50 мың балаға арналған жекеменшік мектептер бой көтереді. Нәтижесінде бес мыңнан аса мұғалімге сұраныс артпақ.

Әсет Исекешев, қала әкімі:

- Еліміздің өзге өңірлерінде бір мектепке шамамен 800-1200 оқушы келеді. Ал елордада аталған көрсеткіш 1500-ге жетіп отыр. Алдағы бес жылда Астанаға тағы 120 мыңнан астам оқушы келеді деген болжам бар. Сондықтан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен алдағы бес жылда мемлекеттік бюджет есебінен 24 мектеп салу жоспарланып отыр.

Осы категория бойынша: « Петропавлда полицейлер арасында футболдан ашық чемпионат басталды Бауыржан Байбек: Алматы үлкен автотұраққа айналып кеткен »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы