374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында жолдағы жарықтың пайда болуы арнайы құралмен анықталады

  • 112
  • UPD: 11:28, 14.09.2018

Қарағанды мен Теміртау арасындағы күре жолда пайда болған бетон жарығын мамандар арнайы георадармен зерттейді.

Арна тілшілері жолдың қайта жөнделетінін хабарлаған болатын. Енді осы аралықтағы жарылған бетон қабаты алынып, жаңасы төселмек. Бұл тас жол жоспар бойынша биыл аяқталып, қараша айында тапсырылуы тиіс болатын. Алайда жол бетіне төселген бетон жарылып, жұмыс белгіленген мерзімде тапсырылмауы мүмкін. Алты жолақты 16 шақырым жолдың құрылысы екі жыл бойы жалғасып келеді. Мердігерлер барлық талапты сақтадық деп ақталып отыр. Жол құрылысының созылуы жүргізушілердің наразылығын тудыруда. Өйткені бұл жолмен тәулігіне 23 мың көлік қатынайды.

Жасұлан Рүстемов, инженер:

- Трещина бар ғой, біз оны визуально көріп тұрмыз. Осы жолда жарықтар пайда болды. Сол себепті біз георадармен зерттеуге шығып отырмыз. Нақты ақпарат бір жұмадан кейін болады.

Осы категория бойынша: « Қостанай облысында егін орағы қарқын алды Алматыда дәстүрлі оркестрлер фестивалі басталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы