360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарлықтар жалақыны көтеруге байланысты пікірлерін ортаға салды

  • 112
  • UPD: 11:13, 06.10.2018

Павлодарлықтар бірінші кезекте минималды жалақының көбеюі, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік көңіл-күйді арттыруға бағытталған шараларға аса мән беріп, өз пікірлерін ортаға салды.

Самал Айтқазина, мектеп директоры:

- Бұл мұғалімдер, жас мамандарға үлкен стимул деп білеміз. Бүгінгі күні барлықтары айтып жатыр, мысалы, білім саласында көптеген реформалар болып жатыр деп. Бірақ саланың ішінде негізгі осы реформаларды бүгінгі әлемдік деңгейге көтеру үшін, бәсекеге қабілетті болу үшін жасалып жатқан жаңалықтар деп білемін. Сонымен қоса негізгі түйін Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесін алып, орта білімде сол іс-тәжірибе жүзеге асырылады.

Нұрлан Қайкен, жас маман:

- Балабақшадан барлық тәрбие басталады деп айтты. Осы жолдауда балабақшада берілетін тәрбие сапасы мен жалпы жабдықталуы туралы көптеген маңызды мәселелер айтылған болатын. Сонымен қатар келесі жылдан бастап Президенттің тапсырмасы бойынша педагогтардың статусын айқындайтын заң қабылдау туралы шешім қабылданды. Ол заң арқылы мұғалімнің міндеті, мәртебесі айқындалады.

Қобланбек Қожин, кәсіпкер:

- Бүгінде мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы төмендеу екені құпия емес. Біздің өңірге келетін болсақ, қазір мемлекеттік салада бос тұрған жұмыс орындары бар. Соның бәрін толықтыру мақсатында Елбасы айтып өтті, жылдың басынан бастап Маңғыстау облыстық, Астана қаласының әкімдігі, Әділет министрлігі, одан кейін Мемлекеттік істер агенттігі пилоттық орган болып тұр. Пилоттық жоба нәтижесін көрсетіп отыр. Жалақылар 2,5 есеге өсіп отыр. Сол мемлекеттік қызметке жастар келеді деп ойлаймын.

Гүлбарам Наурызбаева, қоғам қайраткері:

- Елбасының Жолдауының әрбір сөзі адамға арналады. Адамның қауіпсіздігі, адамның денсаулығы, адамның білім алуы.

Хабар 24 телеарнасы