365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандылық ұстаздарға құрмет көрсетілді

  • 219
  • UPD: 23:29, 06.10.2018

Қарағандының үздік ұстаздарына төл мерекелері қарсаңында облыс әкімінің сыйақысы тарту етілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кету керек, биылғы жыл аймақ басшысының ұйғарымымен Білім жылы болып жарияланған болатын. Осы орайда мерекелік шараға педагогика саласының 8 үздік ардагері шақырылып, оларға құрмет көрсетілді.

Биыл ұйымдастырылған мерекелік шара «Рухани жаңғырумен» тікелей байланыстырылды. Жастары жүзден асқан ұстаз ардегерлердің қатысуы мерекелік шараны ерекшелендірді. Мұғалімдердің төл мерекесі қарсаңында кешендік шаралар ұйымдастырылды.

Атаулы мерекеде аймақтың үздік деген 13 педагогтарының әрқайсысы 500 мың теңгеден ақшалай сыйлыққа ие болды. Ал сегіз ардагер ұстазға білім саласына қосқан үлесі үшін 1 миллион теңгенің сертификаты табыс етілді.

Шәукей Жұқанұлы, ардагер ұстаз:

– Мұғалімдік мәртебе өте жоғары, мұғалімдердің еңбегі ұшан теңіз. Олар қажымай, талмай жемісті еңбек етіп, оқушыларға білім береді. Еліміздің өсіп, өркендеуіне өз үлестерін қосады, мұғалімдік еңбек – өте қадірлі де қасиетті еңбек.

Соңғы бес жылдың ішінде 20 қарағандылық ұстаз «Үздік педагог» республикалық конкурсының жеңімпаздары атанды. Ал облыс әкімінің арнайы сыйлығына 208 мұғалім қол жеткізген. Өңір ұстаздарын елімізге танымал әншілер Қарақат Әбілдина, «Адам» тобы мен «Арқа сазы», Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестік ұжымы да құттықтап, әннен шашу шашты.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Сайлау Игликов, Асет Асайынов

Хабар 24 телеарнасы