366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында қамбаға 4 млн 874 мың тонна астық құйылды

  • 85
  • UPD: 10:37, 10.10.2018

Осы аптада Қостанай облысында күзгі жиын-терім жұмыстары аяқталады. Диқандар қамбаға 4 миллион 874 мың тонна астық құйып, гектарынан 12 центнерден астам өнім алып отыр.

Қазірдің өзінде 1 жарым млн тонна бидай мен 650 мың тонна ұн экспортқа жөнелтілді. Биылғы орақ науқанында шаруалар арзандатылған бағадағы 76 мың тоннадай дизель отынымен қамтылды. Сондай-ақ, ылғал бидайды кептіруші кәсіпорындар да жеңілдетілген тарифті жанар-жағармаймен қамтамасыз етілді.

Нұрсұлтан Қабделов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:

- Жаңа өнімнің астығы қабылдау кәсіпорындарына түсіп жатыр. Бүгінде 1 млн-ы түсті. Сапа жағынан олардың 70 пайызы үшінші класқа жатқызылса, 23 пайызы төртінші класқа жатады. Сапасы жақсы деп айтуға болады.

Хабар 24 телеарнасы