386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өнер жұлдыздары «Цифрлық Қазақстанды» насихаттауға атсалысты

  • 704
  • UPD: 18:35, 17.10.2018

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын насихаттауға өнер жұлдыздары белсене атсалысып жатыр.

Мәселен, Талдықорғанда өткен «Жұлдыздардың халыққа қызмет көрсету орталығындағы бір күні» атты шараға республиканың еңбек сіңірген артистері Айткүл және Қанат Құдайбергеновтер қатысып, уақытша кеңесші қызметтерін атқарды. Ал айтыскер ақын Айтақын Бұлғақов қызмет көрсету залының жетекшісі болды. Айта кетейік, былтыр Алматы облысының халыққа қызмет көрсету орталықтары 2 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен.  Бүгінде қызметтің түрлері 590-ға жетіп отыр. Тұрғындар олардың 450 түрін үйде отырып-ақ электронды қызмет арқылы пайдалана алады.

Қанат Құдайбергенов, ҚР еңбек сіңірген артисі:

-  Жұмыстың жеңілі жоқ қой. Енді біз де күндіз-түні жолда, халықтың алдында қызмет жасаймыз. Бұл да сондай екен. Аяғымыздан тік тұрып, қаншама жаңағы келген азаматтарды қабылдадық.

Хабар 24 телеарнасы