384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы күндері ауа райы жылы және жауын-шашынсыз болады

  • 649
  • UPD: 12:33, 24.10.2018
Алдағы күндері ауа райы жылы және жауын-шашынсыз болады moemisto.ua

Синоптиктер 25-27 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жылы және жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

«Қазақстанның батысына Поволжья аудандарынан атмосфералық фронттар жылжиды, олар жауын-шашын, әсіресе жаңбыр және ауа температурасының төмендеуін тудырады. Республиканың қалған аумағында жақын арадағы екі тәулікте антициклон сақталады. Ол жылы және жауын-шашынсыз ауа райын ұстап тұрады. Максималды ауа температурасы плюс 8…15 градус, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста плюс 18…23 градус, кей жерлерде плюс 28 градус дейін болады деп күтіледі. Тек 27 қазанда солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарда атмосфералық фронттардың келуімен кей жерлерде жаңбыр жаууы мүмкін», - деді «Қазгидромет» өкілдері.

Хабар 24 телеарнасы