384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысындағы Жыңғылды ауылынан көне қорым табылды

  • 750
Маңғыстау облысындағы Жыңғылды ауылынан көне қорым табылды

Маңғыстау облысының Жыңғылды елді мекені маңынан көне қорым табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауылға ауызсу желісін тарту кезінде осыдан 1500 жыл бұрын көмілуі мүмкін 6 адамның қаңқа сүйектері аршып алынды. Археологтар екі мүрденің аяғында моншақ болуына орай әйел адам деп болжап отыр. Сондай-ақ 18 бен 20 жас шамасындағы үш ер бала бір бейітке жерленген. Ал соңғы қаңқаның алыптығы қазу жұмыстарын жүргізген жұмысшыларды қайран қалдырды. Қазір құбыр төсеу жұмыстары тоқтатылып, қаңқа сүйектері Ақтауға жеткізілді. Олардың нақты жасы зерттеу жұмыстары аяқталғанда, белгілі болмақ.

Николай Плаксин, құрылыс учаскесінің басшысы:

– Археологтар алғашқы мүрдені көргеннен-ақ екі мыңға жуық жыл бұрын көмілгенін болжады. Аршылып алынған қаңқалар шығысқа қаратып жатқызылған. Мамандардан естуімше, осы маңнан бастап 40 метр қашықтыққа дейін жерасты көне қорымы болуы ықтимал. Қазір ауылға ауызсу желісін тарту жұмыстарын басқа бағытта жалғастырып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы