388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда өңіраралық ынтымақтастық форумы басталады

  • 611
  • UPD: 07:23, 08.11.2018
Петропавлда өңіраралық ынтымақтастық форумы басталады

Петропавлда Қазақстан мен Ресейдің 15-аймақаралық ынтымақтастық форумы басталады.

Қазір қалада қызу қарбалас. Келелі кеңеске екі елден 2 мыңдай делегат келді. Қауырт қозғалысқа байланысты құқық қорғау қызметкерлері күшейтілген жұмыс кестесіне көшті. Негізгі шаралар «Жас өркен» ықшамауданында өтеді. Мұнда тұрғын үйлер, заманауи теннис орталығы мен оқушылар сарайы салынды. Биылғы басқосуда туризм тақырыбы талқыланады. Шараның бірінші күні көрме ашылады. Онда Қазақстан мен Ресейдің 29 облысы туристік әлеуетін таныстырады. Ал екі ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин қатысатын басты жиын ертең өтеді деп жоспарланып отыр.

Наиль Хайруллин, делегат, /Ямало-Ненецкий автономиялық округі, РФ/:

- Ненецкий округінің Қазақстандағы алғашқы көрмесі. Біз өзімізбен бірге солтүстіктің адамдары тұратын ұлттық чум үйін алып келдік. Бүгін-ертең қонақтар оны көріп, ішіне кіре алады. Оны жасауға 100 бұғының терісі кетті.

Хабар 24 телеарнасы