389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да білім беру саласына 43 млн теңге шығын келтірілген

  • 408
  • UPD: 09:48, 08.11.2018
ШҚО-да білім беру саласына 43 млн теңге шығын келтірілген

Шығыс Қазақстанда білім беру саласында біршама былықтар әшкереленді.

Бұл туралы аумақтағы колледжердің қызметіне тексеріс жүргізген облыстық прокуратура өкілдері мәлімдеп отыр. Құзырлы орган мамандарының айтуынша, жалпы заң бұзушылықтар салдарынан келген шығын – 43 миллион теңге. Атап айтар болсақ, Өскемендегі өнер училищесі өз аумағындағы автотұрақты жеке мақсатқа пайдаланған. Сондай-ақ Аягөз бен Семей колледждері де мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру ережесін бұзғанына қарамастан, облыстық білім беру басқармасынан грант иеленген. Ал шалғайдағы Күршім аудандық колледжі болса қағаз жүзінде 12 студентті оқытып, оларды курстан курсқа көшіріп отырған.

Лаура Түгелова, облыстық прокуратураның қоғамдық мүддені қорғау басқармасының аға прокуроры: 

- 60 тұлға тәртіптік, ал төртеуі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазір білім басқармасында да тиісті шаралар қолға алынып жатыр, ал біз әлі де тексерістерді жалғастыратын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы