386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда жаңа жол айрығы пайдалануға берілді

  • 439
  • UPD: 23:23, 30.11.2018

Алматыда Назарбаев даңғылымен Жансүгіров көшесін жалғастыратын жаңа жол айрығы пайдалануға берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі жылға созылған күрделі жобаның жалпы құны – 7,4 млрд теңге. Құрылыс жұмыстарына 7 мың текше метр бетон және 4 мың тоннадан астам металл құрылғылары  пайдаланылған. Жобаны жүзеге асыру үшін  500 адам жұмыспен қамтылған. Ұзындығы 800 метрлік жол айрығында көлік қозғалысы бүгін басталды. Оның екі жағында жаяу жүргіншілерге арналған арнайы жолдар және энергия үнемдейтін шамдары бар бағаналар орнатылған. Абаттандыру жұмыстары әлі де жалғасуда. Жобаның ресми ашылу рәсімінде қала басшысы Бауыржан Байбек жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай жасау және қоғамдық көлік қозғалысын  жақсарту жұмыстары жалғасатынын айтты.

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

- Біздің міндетіміз – қаланың инфрақұрылымын дамытумен қатар бизнеске қолайлы жағдай жасау. Сіздер құрылшылар осындай ірі жобаларды жүзеге асырған кезде қаншама жұмыс орындары ашылады. Ол дегеніңіз – көптеген отбасылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайыны түзеуге ықпал етеді деген сөз. Сондықтан сіздерге табыс тілеймін.

Хабар 24 телеарнасы