378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы-Екатеринбург трассасында жолда қалған 51 адам құтқарылды

  • 395
  • UPD: 13:48, 05.12.2018
Алматы-Екатеринбург трассасында жолда қалған 51 адам құтқарылды inform.kz

Соңғы бірнеше күнде Қарағанды облысының «Сарышаған» трассалық медициналық-құтқару пунктінің қызметкерлері 51 адамды қауіпсіз жерге жеткізді.

Оның 35-і Өзбекстан, ал 8-і Қырғызстан азаматтары, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәселен, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтің айтуынша, 2018 жылғы 1 желтоқсанда сынған Газель автокөлігінен 8 Қырғызстан Республикасының азаматы құтқарылды және Сарышаған кентіндегі демалыс үйіне жеткізілді.

Ал 2018 жылғы 5 желтоқсанда сағат таңғы 4-де Алматы-Екатеринбург тас жолында ішінде 51 жолаушысы бар автобустың сынғаны туралы ақпарат түсті. Далада тоңып қалған адамдарға көмек көрсету үшін ТМҚП шұғыл әрекет ету бригадасы оқиға орнына жедел жеткен.

Барлық жолаушыларды дәрігерлер тексеріп, Сарышаған кентіндегі темір жол вокзалының ғимаратына 35 адам жеткізілген, жүргізушімен бірге 16 адам жақын жердегі Азия Petrol дәмханасында қалды.

«Әрине, ешкім көліктің жолда бұзылуынан сақтандырылмаған. Жылдың басқа мезгілінде бір-екі немесе одан да көп уақытқа дейін көмек күте алатын болса, қыста адамдар тіпті автокөлікте отырса да тез тоңып қалады, сол себепті дереу көмек қажет. Қазіргі уақытта Қазақстанның аумағында дәл осындай 40 пункт жұмыс істейді. Олардың ұйымдастырылған жұмысының нәтижесі республикалық жол тораптарындағы жол-көлік апаттарында зардап шеккендерге медициналық және құтқару көмегін көрсетуге мүмкіндік береді», - деді Нұрсұлтан Нұрахметов.

Айта кетерлігі, 2018 жылдың ағымдағы қысқы мерзімінде барлығы трассалық медициналық-құтқару пункттерінің шұғыл әрекет ету бригадасының күштерімен жөндеуге келмей қалған автокөліктен және бораннан 60 жуық адамды құтқарған.

Хабар 24 телеарнасы