375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған алғашқы автомектеп ашылады

  • 1047
  • UPD: 23:38, 07.12.2018

Петропавл қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған алғашқы автомектеп ашылады. Сәлімхан Сәбитов мүмкіндігі шектеулі жандарды тереңнен түсінеді. Бір ғана Петропавлда ол секілді тірек-қимыл жүйесі бұзылған 8 мыңнан астам адам тұрады.

Енді олар да көлік мініп, жүргізуші куәлігін ала алады. Мыңдаған адамның арманы 6 млн теңгеге орындалды. 

Сәлімхан Сәбитов, әлеуметтік жоба авторы:

- Әр жұмада автокөлікті мен Челябі қаласына апарып, арнайы деталь құрастырамын. Ол деталь осы мүгедек балаларға оқыған кезде және келешекте жүргізген кезде миханизмді кішкене болсын ыңғайлатады.Рөлдің маңайында ол екі функция орындайтын болады. Ол тормоз бен газ. 

Осындай жобаларды қолдау Елбасының «5 әлеуметтік бастамасында» белгіленді. Үндеу Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісім кеңестерінің республикалық форумында талқыланды. Бұл бағытта ұйым мүшелері биыл 3 мың түрлі іс-шара ұйымдастырды. 

Леонид Прокопенко, ҚХА төрағасының орынбасары:

- Бюджеттің тиімді игерілуі өте маңызды мәселе. Биыл бірінші рет жергілікті әкімдерге қаржы бөлінді. Біздің мақсатымыз – сол ақшаның халық қажеттілігі үшін жұмсалуын қамттамасыз ету. Елбасының Жолдауы да әлеуметтік әл–ауқатын көтеруге арналған. 

Жиынға қоғамдық ұйым, жастар қозғалысы мен этномәдени бірлестік өкілдері де қатысты. Олар әлеуметтік жобалардың қорытындысын шығарып, келер жылдың жұмыс жоспарын түзіп тарқасты.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы