389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысына қарасты Ақтау ауылының кәсіпкерлері жерлестеріне мәдениет үйін сыйға тартты

  • 607
  • UPD: 07:42, 31.12.2018

Жаңа жылды алыс ауыл тұрғындары қалай тойлайды?

Қалыптасқан ерекше дәстүр бар ма? Павлодар облысының Железинка ауданындағы Ақтау ауылында омбы қарда Аяз ата мен Ақшақар балалардың мерекесіне ат жеккен шанамен келді.

Жаңа жылдан кім де болсын жақсылық күтеді. Мереке қарсаңында Ақтау ауылының іскер азаматтары жерлестеріне мәдениет үйін сыйға тартты. Осылайша ұзақ жылдар қаңырап бос тұрған бұрғынғы әкімшілік ғимаратқа жан бітті. Балалар жағы мәре-сәре.

БЛИЦ:

– Мен осындай әдемі ғимараттың пайда болғанын көріп қатты қуандым. Өйткені бұрын бұл жерде ескі нысан тұратын.

– Керемет, маған ұнайды. Мен мұнда бірінші рет осы клубтың ашылуын тамашалап келгенмін. Енді міне жаңа жылды тойлап жатырмыз.

– Үлкен ауылымыз бар. Ол өте әдемі, табиғаты ғажайып. Енді клубымыз бар. Барлық балалардың, адамдардың көңіл күйлері жақсы.

Ауыл клубын қалпына келтіруде белсенділік танытқандардың бірі – Андрей Дэр. Жекеменшік шаруа қожалығының басшысы туған ауылын көркейтуге бір кісідей үлес қосып отыр.

Андрей Дэр, шаруа қожалығының басшысы:

– Біз де бір кездері бала болдық. Қуандық, мерекелерді бірге қарсы алдық. Біздің болашағымыз үшін көп адамдар еңбек етті. Ол кезде барлық мерекелер мәдениет үйінде өтетін. Бүгін міне, халықтың алғысына бөленіп жатырмыз, ризамын.

Тарихы тереңде жатқан Ақтау ауылының іргесі сонау тың игеру жылдары құрылған. Бір кездері халық бұл жерден үдере көшкен болатын. Бірақ соңғы жылдары мұнда оң өзгерістер байқалады. Ауылға жас мамандар ат басын бұрыпты. Солардың бірі – арнайы бағдарлама бойынша оңтүстіктен қоныс аударған Сапаровтар отбасы.

Ауыл клубы балалар шығармашылығын дамыту орталығы қызметін қатар атқарады. Мұнда шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, асық ату сондай ақ қолөнер шеберлігі үйірмелері ашылған. Ал жаңажылдық шырша – алақандай ауыл үшін ортақ қуаныш. Сондықтан барлығы жаңа клубта бас қосады.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Самат Оспанов, Алексей Омельницкий

Хабар 24 телеарнасы