427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еріктілер Алматыдағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тәтті сыйлықтар сыйлады

  • 1873
  • UPD: 13:38, 01.01.2019

Жаңа жылда әр бала ғажайып, тосынсый күтеді. Еріктілер мен қайырымды жандар Алматы облыстық №1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне нағыз ертегі әлемін сезіндірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәтті сыйлықтар мен көңілді әннен бөлек түрлі мамандыққа баулыды.

Жаңажылдық ерекше мереке №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерінің көңілінен шықты. Шырша қызықтарынан бұрын балалар өрт сөндіруші, туристік агент, тіпті құтқарушының қызметін жасап көрді.

Роза Бекішова, №1 балалар үйінің оқу ісі жөніндегі орынбасары:

- Волонтерлар, спонсорлар шақырып, барлық балаға сыйлықтарын сыйлауда. Ойыншықтар, әртүрлі. Барлық балалар қуанышты, әрине. Биылғы жаңа жыл өте тамаша өтуде.

Ілияс Өмір, балалар үйінің тәрбиеленушісі:

- Қызықты, көңілді, барлығы бізге ұнап жатыр. Маған ең қатты ұнағаны әскери мен полиция қызметкері. Қуаныш әкелсін. Бақыт әкелсін. Және мен спорт мектебіне түскім келеді жаңа жылда.

Мұндай шаралар Шымкент, Қарағанды қалаларында да өтті. Бүгінгі шараға 100-ден аса бала қатысты. Жыл бойы республикалық, қалалық спорт жарыстарына қатысып, жүлделі орындар иеленген балалар Жаңа жылға ерекше дайындалыпты.

Лұқпан Ғабылбеков, балалар үйінің тәрбиеленушісі:

Сіздерді жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Ауырмаңыздар, бақытты болыңыздар. Жаңа жылда жаңа табыс тілеймін.

Мерекелік шара дәстүрлі шырша шамын жағумен аяқталды. Балалар келер жылдан күтер көңіл түкпіріндегі асқақ армандарын жасырмады.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Анастасия Вылегжанина

Хабар 24 телеарнасы