386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде 1200 тәртіп сақшысы жаңа форматта оқытылады

  • 520
  • UPD: 18:49, 08.01.2019
Елімізде 1200 тәртіп сақшысы жаңа форматта оқытылады

Елде 1200 тәртіп сақшысы 3 ай ішінде жаңа форматта оқытылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов хабарлады. Осылайша, қаңтар айының соңына дейін полиция қызметі жоғары заңгерлік білімі бар мамандармен толығады. Тоқсан ішінде жақсы нәтиже көрсеткендер полиция академиясында тағы осынша көлемде біліктілігін шыңдайды. Ал облыстық департамент басшылары Жоғары аттестациялық комиссиясында кәсіби білім жетілдіреді.

Еске салайық, күні кеше Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов ведомстводағы 450 басшының қысқартылатынын айтып, қалған қызметкерлердің жалақысы жоғарылайтынын тілге тиек еткен еді.

Хабар 24 телеарнасы