389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да да барлық тарифтер арзандады

  • 685
  • UPD: 21:44, 08.01.2019
БҚО-да да барлық тарифтер арзандады

Батыс Қазақстан облысында да барлық тарифтер арзандады, - деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді аймақ тұрғындарының су, кәріз жүйесі, жылу және электр қуатына жұмсайтын шығындары орта есеппен 10% азаяды. Пәтер иелері кооперативі мен жеделсатыны тұтыну қызметі де арзандаған. Жауапты тұлғалар «жаңа тарифтер осы жылдың соңына дейін өзгермейді», - деп отыр.

Айболат Берқалиев, табиғи монополияларды реттеу департаментінің бөлім басшысы:

- Ішінде инвест бағдарламаны орындамағаны үшін тарифтер бар, тарифтік сметаны орындамағаны үшін тарифтер бар. Мұнымен қоса, негізгі төмендеудің негізгі себебі ол - яғни сумен қамту қызметі бойынша негізгі стратегиялық тауар электр энергиясының бағасын төмендеттік. Ал, жылу энергиясының бағасының төмендеу себебі ол газдың құнының төмендеуі. Негізгі себеп сол болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы