383,35 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтың құрылысы басталды

  • 547
  • UPD: 23:54, 15.01.2019
Түркістанда жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтың құрылысы басталды

Бүгінгі таңда облыстық әкімшілік, басқармалар мен департаменттер ғимараттары салынып жатыр. Қазаншұңқыр қазылып, іргетасы бекіген.

Жоспар бойынша нысанның құрылысы жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға берілмек. Сонымен қатар «Астана» алаңы, медиа және конгресс-орталықтары мен Оқушылар сарайы ғимараттарының құрылысы басталды. Рухани-мәдени орталық аймағында Қожа Ахмет Яссауи мұражайының іргетасы қаланып жатыр. Бұдан бөлек алдағы уақытта 7 мың орындық стадион мен облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана салу көзделіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы