388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қызылорда – Жезқазған - Астана» пойызы күнара жүруі мүмкін

  • 975
«Қызылорда – Жезқазған - Астана» пойызы күнара жүруі мүмкін

Тұрғындардың уәжіне «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының өкілдері жауап берді.

Сонымен аптасына 3 рет жүретін «Қызылорда-Жезқазған-Астана» бағытындағы жолаушылар пойызы алдағы уақытта күнара қатынауы мүмкін. Кесте қайта қарастырылады. Жалпы бұл пойыз «Марал Нұр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі. Сондықтан вагондардың санын көбейтуге аталған мекеме жауапты. Өз кезегінде «Қазақстан темір жолы» компаниясының мамандары тұрғындардың өтінішін қолдаймыз деп отыр.

Гүлнар Таласпаева, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ департамент директоры:

– Халықтың көңілі толмай жатқаны, олар пойыздың күнара жүргенін қалайды. ҚТЖ мәселені қарастырып жатыр. Қазір күрделі жұмыстар жүргізілуде. Бұрынғы жаңа жолға қосылған ескі жолдың учаскесінде жұмыстар біткен соң, уақытты біз қараймыз. Халықтың көңілі толатын уақыт кестесін жасаймыз.

Хабар 24 телеарнасы