386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматылық ғалымдар «Жасыл кеңсе» жобасын ұсынып отыр

  • 601
Алматылық ғалымдар «Жасыл кеңсе» жобасын ұсынып отыр

Алматылық ғалымдар еліміздегі барлық мекемелерде пайдалануға болатын «Жасыл кеңсе» жобасын ұсынып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Бұл бастаманы қолға алып, пайдалануға кез келген кәсіпорынның әлеуеті жетеді», – дейді жоба авторлары. Мәселен, Жапонияда әр кәсіпорын жанында пайдаланылған қағаздар, ас қалдықтары және пластикалық бұйымдарды қайта өңдейтін шағын зауыттар бар. Қазақстандық ғалымдар ұсынып отырған жоба үш бағдарламадан тұрады. Ең бастысы – шығынды барынша азайту. Мысалы, кеңсе қағаздарын үнемдеу үшін электронды құжат алмасу жүйесін енгізу керек. Немесе қағаздың екінші жағын пайдалану. Ал үшіншісі қалдықтарды өңдеп, кәдеге жарату. Әр бағдарламаны жүзеге асыру үшін шамамен 500 мыңнан 2 миллион теңге аралығында инвестиция қажет.

Тамара Тәжібаева, ЮНЕСКО кафедрасының тұрақты дамуы жөніндегі доценті:

– «Жасыл кеңсе»  жобасы – компанияларлар мен өндіріс орындарындағы шығынды барынша азайтуға мүмкіндік береді. Яғни электр қуатын үнемді технологияға ауыстырып, түрлі қалдықтарды қайта өңдеуді қолға алу керек. Бұл қоршаған ортаның тазылығын сақтауға да ықпал етеді. Ал жобаға жұмсалған қаржы болашақта еселеніп қайтары сөзсіз.

Хабар 24 телеарнасы