421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында несиеге мал сатып алған халықтың ісі ілгері басты

  • 1828
  • UPD: 14:04, 04.02.2019

Алматы облысының Балқаш ауданындағы 50-ден астам тұрғын «Еңбек» бағдарламасы бойынша мал шаруашылығын өркендетуге несие алды. Аграрлы өңір болғандықтан мұнда егінмен қоса мал шаруашылығына да басымдық беріледі. 

Желтораңғы ауылының тұрғыны Жасұлан Жұматаев 4 миллион теңге несиеге 13 бас құнажын сатып алған. Бүгінде алғашқы төлін де алып үлгерді.

Жасұлан Жұматаев, Желтораңғы ауылдық округінің тұрғыны:

- Біз сияқты жай халыққа, шаруаларға пайдалы деп ойлаймын. Үкіметтің беріп жатқан көмегі ғой енді. 5 жыл төлейміз. Төлдесе, төлі өседі. Өзімнің де малым бар мысалға. Сонымен енді жайлап-жайлап құтыламыз. Маған қиынға соқпайды деп ойлаймын. 

Жасұланның шаруашылығында 50 шақты сиыры бар. Малды Желтораңғы ауылдық округіне қарайтын Қасқаөгіз деген жерде ұстап отыр. 60 үйлі ауылдан бұл күнде 8-ақ түтін қалыпты. Олардың көшпей отыруының бір себебі, Қасқаөгіз мал шаруашылығын өрістетуге  өте жайлы жер. «Төрт түлік жыл он екі ай бойы жайылымда жүретіндіктен, қысқы жем-шөпке көп шығынданбаймыз. Жеңілдетілген несие мал басын көбейтуге таптырмас мүмкіндік, - дейді жергілікті тұрғындар.

Жарқын Анарбекова, Желтораңғы ауылының тұрғыны:

-Үкіметтен көмек алып, субсидия алып, сөйтіп ары қарай өмір сүріп жатқан жайымыз бар. Шалғайдамыз деп ешқандай проблема айтпаймыз, бәрі бар бізде. Светіміз де бар, телефонымыз да бар. Связь бәрі бар. Әркім өз тіршілігімізбен жан бағып жатырмыз. Қалаға барамыз деген ойымыз жоқ. Қалаға біз бармаймыз.

Бағжан Бейсахмет, аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы:

-«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017 – 2021 жылдар аралығында Балқаш ауданы бойынша ауыл шаруашылығын ақшалай қолдау қоры арқылы 41 азаматқа 132 млн. теңге берілді. Ал «Балқаш-кредит» серіктестігі арқылы 61 млн теңге қаржылай көмек көрсетілді. Барлығы Балқаш ауданы бойынша 55 азаматқа 193 миллион теңге несие берілді.

Жеңілдетілген несие рәсімдеген 55 адамның 41-і қаржыны мал шаруашылығын дамыту мақсатында алған. Ал облыс бойынша «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасымен 2,2 миллиард теңге несие берілді. Сәйкесінше, 2700 тұрғын қайта оқып, кәсіптік білімін толықтырды. 

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Олжас Байбосынов

Хабар 24 телеарнасы