418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да аязға байланысты арнайы штаб құрылды

  • 1003
  • UPD: 13:23, 06.02.2019
СҚО-да аязға байланысты арнайы штаб құрылды inform.kz

Сарышұнақ аяз солтүстікқазақстандықтарды да қыспаққа алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде сынап бағанасы -36 градусқа дейін төмендеп кетті. Осыған байланысты кеше түнде барлық бағыттағы жолдар жабылып, мектептерде сабақтар тоқтатылды. Қатты аяздың салдарынан өңірде арнайы штаб та құрылды. Сондай-ақ кеше Уәлиханов және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарда қар құрсауында қалған жүк көліктері құтқарылды. Жүргізішілері қауіпсіз жерге көшірілді. Жалпы, қазіргі таңда аймақта 331 жылыту бекеті жұмыс істеп тұр. Қатты аяздың салдарынан өңірде үш бірдей өрт оқиғасы тіркелген. Салдарынан бір адам мерт болғаны белгілі болды.

Ерік Сарыбаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары

- Архангельскоедағы өртке тоқталып өтетін болсам, ол жерде біздің өрт сөндірушілер келгенше толықтай жану процесі орын алған. Сонымен қатар біздің құтқарушылар жеткенге дейін үйдің ішіндегі газ баллоны жарылған. Куәгерлердің айтуына қарағанда, үй иесі үйде қалып қойған қызын құтқару мақсатында үйге келген. Ол кезде қызы терезе арқылы шығып үлгерген.

Хабар 24 телеарнасы