383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астана – Қызылорда пойызының жолаушылары Қарағандыда бөгелуге мәжбүр болды

  • 626
Астана – Қызылорда пойызының жолаушылары Қарағандыда бөгелуге мәжбүр болды

Астана Нұрлы жол – Қызылорда пойызының 300-ге жуық жолаушысы Қарағандыда бөгелуге мәжбүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауа райының күрт суыту салдарынан пойыз құрамы Айса станциясында бөгеліп, Қарағанды станциясына кері қайтарылды. Жолаушы тасымалдаушы компания жолаушыларды ыстық тамақпен қамтып, 100 пайыз билет ақысын қайтарып берді. Сонымен қатар қазір станцияда 6 қосымша купе вагоны дайындалған олар Астана-Сарыағаш пойызына кесте бойынша тіркелетін болады. Жолаушылар кестеде көрсетілген уақыттан біршама кешігіп барады деп күтілуде.

Бақыт Арнабол, жолаушылар тасымалдау компаниясының қарағанды учаскесі басшысы:

– Билеттің бағасы – 6 мың теңге. Тапсырылып жатқан «Тальго» пойызының билеті одан қымбат. Сондықтан ақысын 100 пайыз қайтарып жатырмыз. Ал жолаушылардың қазір сатып алатын билет құны екі есе арзан болады.

Хабар 24 телеарнасы