425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында күн электр станциясына 42 гектар жер бөлінген

  • 1491
  • UPD: 07:18, 10.02.2019
Түркістан облысында күн электр станциясына 42 гектар жер бөлінген

Елбасы өзінің биылғы жолдауында 2030 жылы жасыл энергияның үлесін -10,  ал 2050 жылға қарай 50 пайызға жеткізу туралы тапсырма берген болатын. Осыған орай қазір Түркістан облысының Сарыағаш ауданында қуаттылығы 20 МВт болатын күн электр станциясы салынып жатыр. 

Жаңа жобаны қазақстандық және германиялық компаниялар бірлесіп жүзеге асыруда. Тың жобаны жүзеге асыру үшін жергілікті билік 42 гектар жер бөлген. Қазір онда фотоэлектрлік модулдерді орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы мұнда 77 мыңнан астам фотоэлектрлік модульдер, 10 инвертор мен трансформатор және 10 таратушы құрылғы орнатылады. Ал, өндірілген өнімді сату мәселесінде қиындық туындамайды,-дейді жергілікті компания өкілі. Өйткені жасыл энергия көзінен өндірілген электр қуатын отандық тағы бір компания сатып алуға ниетті. Аталған жобаның жүзеге асуы өңірдегі энергия тапшылығы мен жұмыссыздықтың да алдын алуға ықпал етпек. Өйткені, электр стасиясының іске қосылуының арқасында жаңадан 20 жұмыс орны ашылады. Жасыл энергия өндіретін жаңа станция биылғы жылдың наурыз айында іске қосылады.

Баян Қаюпова, компания өкілі:

- Бұл жобаны қазақстандық компания жүзеге асырып жатыр. Инвестиция германиядан тартылып отыр. Жалпы инвестицияның құны 35 млн АҚШ доллары. Жобаның бір ерекшелігі мұндағы фотоэлектрлік модульдер жергілікті кремнийден жасалған. Бұл осы жобадағы біздің мақтанарлық тұсымыз.

Хабар 24 телеарнасы