384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде 174 қорғаныс бөгеті салынған

  • 371
  • UPD: 15:25, 12.02.2019
Елімізде 174 қорғаныс бөгеті салынған

Биыл елімізде 28 иесіз гидротехникалық құрылыстар мен су қоймалары есепке алынбақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы, өткен жылы 49 иесіз нысан анықталған болатын. Олардың 21-і тіркеуден өтті. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады. Айта кету керек, бүгінде «Су тасқынын ескерту және жою бойынша 2017-2020 жылдарға арналған шаралар кешені» жол картасы жүзеге асырылуда. Оның аясында 174 қорғаныс бөгеті салынған. 119 гидротехникалық құрылыс, 64 көпір жөнделді. Сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаменттерін біртіндеп материалдық-техникалық жарақтандырудың екі жылға арналған жол картасы бойынша 153 шара іске асырылды. Бірақ Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе облыстарында жоспар түгел орындалмаған.

Хабар 24 телеарнасы