386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жастар жылының өткізілуін қоғамдық кеңес қадағалайды

  • 1008
  • UPD: 22:34, 20.02.2019

Жастар жылына орай құрылған Жол картасының орындалуын қоғамдық кеңес қадағалайды. Бүгін "Нұр Отан" партиясы жанынан осындай бақылау органы құрылды. Оның құрамына Мәжіліс депутаттары, қоғамдық ұйым өкілдері, журналистер мен жас белсенділер кірді.

Қоғамдық кеңестің мүшелері үш айда бір кездесіп, Жастар жылына байланысты Үкімет тарапынан жасалып жатқан іс-қимылдарды бақыламақ. Тың жұмыстың алғашқы қорытындыларын сәуір айының соңында немесе мамырдың басында пысықтауды жоспарлап отыр.

Бақтияр Мәкен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Әсіресе ауылдық жерлердегі жастар саясатын іске асыру қалай жүргізіліп жатыр. Кеше министрлік тарапынан біз біраз ақпарат алмастық. Соны енді шешу жолдары, берілген қаражатты тиімді пайдалану, ұранмен ғана емес, тиісті шараларды өткізу, соларды нақты әрбір жас азаматқа жеткілікті мүмкіндігін қарастыру. осы мақсатта бүгінгі бақылауды партия тарапынан осындай кеңесті құрып, кеңестің мүшелеріне қоғамдық азаматтарды, жастар ұйымдарын, бәрін аймақтан нетеміз.

Кеңес мүшелері Жастар жылын өткізу жол картасын Президент белгілеген бес бағыт бойынша қадағаламақ. Бұл баспанамен қамтамасыз ету, дарынды жастарды қолдау, жұмыспен қамту, жастардың қоғамдық санасын жаңғырту және олардың өзін өзі тану.

Бақтияр Мәкен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Екінші мақсатымыз - аймақтарда да осындай көшпелі отырыстарды өткізіп, біздің Мәжіліс депутаттары өңірлерге барған кезде тікелей сол жерде көріп, қалай жүзеге асып жатыр, қалай іске асып жатыр деген мақсаттар. Сондықтан осы кеңестің мақсаты да осындай.

Жастар жылы елімізде 70-тен астам шара өткізу көзделген.

Авторлары: Ж.Біркенов, Н.Тұяқова, А.Меделбеков

Хабар 24 телеарнасы