386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда терроризмнің алдын алу мәселесіне қатысты жиын өтті

  • 673
Түркістанда терроризмнің алдын алу мәселесіне қатысты жиын өтті

Түркістан қаласында терроризмнің алдын алу мәселесіне қатысты жиын өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстық полиция департаменті адамдар көп жиналатын жерлердің қожайындарымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиын барысында террористік тұрғыдан осал, құқықтық нормаларға сай келмейтін және құзырлы органдардың ескертпелеріне құлақ аспайтын мекеме иелері мен кәсіпкерлердің мәселесі қаралды. Жалпы облыс аумағында адамдар көп шоғырланатын мыңнан аса нысан бар. Жыл басынан бері полицейлер 100-ге жуық нысанға тексеріс жүргізген. Олардың басым бөлігі қажетті талаптарды сақтап, қауіпсіздік шараларымен қамтылған,-дейді тәртіп сақшылары. Үкімет террористік тұрғыдан осал келетін нысандардың жоспарын да бекітті. Оған электр, су және газбен қамтылған мекемелер, кәсіпкерлік нысандар мен сауда орындары, білім және денсаулық сақтау мекемелерінің ғимараты жатады. Тәртіп сақшылары қауіпсіздікті сақтамаған мекеме басшылары әкімшілік жауапқа тартылатынын ескертті.

Нұрлыбек Әлібекұлы, облыстық ПД басқарма басшысының орынбасары:

– Бір уақытта кемінде 200 адамнан көп халық жиналатын мейрамханалар террористік тұрғыдан осал нысандар болып табылады. Ол жерде міндетті түрде кіріп, шығу есіктері, сыртқы терезелерінің бекітілуі, ішінде лицензиялық рұқсат берілген бейнекамералар болу керек. Олардың жады бір ай көлемінже сақтайтын болу керек.

Хабар 24 телеарнасы