378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы үкіметтің отставкаға кетуін әлеуметтік мәселелермен байланыстырды

  • 420
  • UPD: 14:08, 22.02.2019
Сарапшы үкіметтің отставкаға кетуін әлеуметтік мәселелермен байланыстырды

Ал әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Серік Бейсембаев Үкіметтің отставкаға кетуін елдегі әлеуметтік мәселелермен байланыстырады. Қоғам атқарушы биліктің жұмысына разы емес.

Халық әлеуметтік жағдайы, әсіресе, көпбалалы аналардың назы ескерілуі тиіс.

«Демек, бұл бағытта атқарылған жұмыстар жеткіліксіз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімі халық пен Үкімет арасындағы байланысты реттеуге бағытталып отыр», - дейді сарапшы.

Серік Бейсембаев, Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:

- Жыл басынан бері халықтың әл-ахуалы бойынша мәселелер күрделеніп кетті. Көпшілікті әсіресе көпбалалы аналардың жағдайы алаңдатады. Өңірлер баспана мәселесін шешу бойынша талаптар жиіледі. Жаңа Үкіметке жүктелер міндет көп.

Хабар 24 телеарнасы