388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте ҚХА өкілдері Алғыс айту күніне орай апталық өткізіп жатыр

  • 858
  • UPD: 19:10, 23.02.2019
Шымкентте ҚХА өкілдері Алғыс айту күніне орай апталық өткізіп жатыр

1 наурыз - Алғыс айту күні. Осыған орай Шымкенттегі Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері апталық бастап кетті. Олар әр күнге түрлі атау беріп, дәстүрді даралап көрсету арқылы елді бірлікке үндеуде.

Түрлі этнос өкілдері, студенттер мен қала тұрғындары жалпы саны 200-ден астам адам шаһардағы Қошқарата өзені бойына шығып сенбілік өткізді. Тазалық күні бұл маңда ғана емес, Шымкенттің барлық аумағында өтіп жатыр. Бұл мереке кезінде түрлі себептермен қазақ жеріне қоныс аударған этнос өкілдерінің бір үзім нанымен бөліскен қазақ халқына алғыс айтуына арналған. Ал ертең мұнда Көршіге ізет күні. Айта кетейік, өңірде 130-дан астам ұлт пен ұлыс бір шаңырақ астында тату тәтті күн кешуде.

Гузаль Темирова, ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы:

- Наурызымыз осы жерден басталады. Шымкент қаласының тарихы да осы Қошқаратадан басталады. Сондықтан біз тазалықты осы Қошқарата өзені бастауынан бастағанды жөн көрдік. Біз қазақ халқына алғыс айтудан шаршамаймыз. Осы жерде өндік өстік. Қазақ халқына, қазақ еліне мың алғыс деп айтамын.

Хабар 24 телеарнасы