423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нью-Дели-Алматы бағытындағы әуе рейсі елге бет алды

  • 848
  • UPD: 14:34, 28.02.2019

Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіске байланысты кейінге шегерілген Нью-Дели - Алматы әуе рейсі іске қосылды. Бұл туралы арнамыздың тілшілеріне «Эйр Астана» компаниясының баспасөз қызметі телефон арқылы хабарлады.

Қазіргі уақытта жолаушылар ұшағы қажетті жанар-жағар май құю үшін Оман корольдігіне ұшып кетті. Жоспар бойынша рейс бүгін 17 сағат 22 минутта Алматы әуежайына қонады. Кейінге шегерілген ұшақта қанша Қазақстандық азаматтардың бар екені туралы ақпарат жоқ. Естеріңізге сала кетейік, Дели - Алматы жолаушылар рейсі 27і ақпанда ұшуы тиіс болатын. Алайда Үндістан мен Пәкістан арасындағы қарым-қатынастың ушығуына байланысты әуе жолы жабылды. «Эйр Астана» компаниясының баспасөз қызметінің хабаралуынша әуе жолы бірінші наурызға дейін жабық болады. Сондықтан бүгін Дели бағытына ұшатын барлық рейстер кейінге шегерілді.

Хабар 24 телеарнасы