389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда «Көмекші ұстаз» жобасы жүзеге аса бастады

  • 958
  • UPD: 11:27, 02.03.2019

Игі бастаманы еріктілер корпусы қолға алған.

Мақсат – аз қамтылған отбасынан шыққан оқу үлгерімі төмен оқушылардың қосымша сабақ алуына жол ашу. Бастамашыл жастар «Көмекші дәрігер» жобасын да жүзеге асырады. Оның аясында емханада есепте тұрған жалғызбасты азаматтарға тегін медициналық кеңес беріледі.

Ақтаулық еріктілер аталған игі басталарды кешелі бері жүзеге асыруға кірісті. Алдымен әлеуметтік сала мекемелерінен ақпарат алынып, тізім жасақталған. Мұнан соң еріктілер корпусының өкілдері бірнеше топқа бөлініп, тізімде көрсетілген мекенжайларға барып шықты. Бұл жұмыстар әлі де жалғасуда. Жалпы, наурыз айының соңына дейін жүзге жуық оқушының қосымша сабақ алуына мүмкіндік беріледі деген жоспары бар жастардың. Ал жалғызбасты азаматтарға тегін медициналық көмектің қалай берілетінін еріктілер корпусының жетекшісі Мұқаш Бекенұлы айтып береді. 

Айта кетейін, еріктілер корпусы 2017 жылы Ақтаудағы жастар ресурстық орталығының жанынан құрылды. Оған 181 жас мүшелікке өткен. Олар ағылшын тілі және іс-қағаз жүргізуші курстарын тегін меңгеруде. Қайырымды жастар әлеуметтік маңыздағы іс-шаралардан бөлек көмекке мұқтаж аналарға да қол ұшын созып келеді. Былтыр «Аналарға алғыс» акциясы кезінде жақынынан зәбір көргендерге арналған орталықтың сегіз тұрғынына қаржылай қолдау көрсетті. Айтуларынша, бұл акция биыл да жалғасады.

Авторы: Талғат Исламұлы

Хабар 24 телеарнасы