378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда көп қабатты үйлерге су толықтай беріле бастады

  • 257
  • UPD: 18:14, 02.03.2019
Павлодарда көп қабатты үйлерге су толықтай беріле бастады

Павлодарда көп қабатты үйлерге бүгін су толықтай беріле бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін коммуналдық апат салдарынан 30-дан астам үй мен бірнеше әлеуметтік нысандардағы жұртшылық сусыз қалған еді. Қазір жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Тұрғын үй инспекциясы мамандарының айтуынша, құбырдың жарылған жері әлі де анықталмаған. Апат жылу тарату жүйесіндегі ақаудан болуы мүмкін деген болжам расталмады. Қазір шаруашылық және ауыз су құбырлары тексеріліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы