375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Наурызда Ақмола облысында жауын-шашын қалыпты деңгейден көп түседі

  • 177
  • UPD: 16:06, 04.03.2019
Наурызда Ақмола облысында жауын-шашын қалыпты деңгейден көп түседі

Ақмола облысына наурыз айында жауын-шашын көп түседі. Тіпті синоптиктер, қалыпты деңгейден жоғары болады деген болжам жасап отыр. Ал аймақтағы қардың қалыңдығы қазірдің өзінде былтырғымен салыстырғанда 33 процентке көп.

Алайда қазіргі ауа температурасы оның тез еруіне жол бере қоймайды дейді мамандар. Дегенмен, бұл болжам ғана. Су айдындары да қазір жіті бақылауда. «Қазгидрометтің» бір апталық болжау нәтижелеріне сүйенсек, бүгінде Есіл, Сілеті, Шағалалы, Қалқұтан және Жабай өзендерінде ылғал мөлшері нормадан жоғары. Сондықтан мамандар жергілікті билік өкілдеріне су қоймаларынан суды дер кезінде жіберуге кеңес береді.

Бақыт Мақажанова, «Қазгидромет» РМК филиалының директоры:

- Егер Жабай өзенін айтар болсақ, жалпы, Атбасар ауданында биыл қар 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21 процентке көп. Ал Сандықтау ауданында 60 процентке артық. Бұл мәліметтер әлі де өзгеруі мүмкін. Себебі, болжам апта сайын жаңартылып отырады.

Хабар 24 телеарнасы