378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада роботтандыруға арналған жобалар таныстырылды

  • 212
  • UPD: 13:27, 05.03.2019
Елордада роботтандыруға арналған жобалар таныстырылды

Бүгін Astana Hub халықаралық ІТ-стартаптар технопаркінде резиденттер мен қонақтарға отандық бизнесті роботтандыруға арналған шешімдер таныстырылды.

Astana Hub-пен қатар қытайлық, америкалық алпауыт компаниялар мұрындық болған презентацияда жасанды интеллектке негізделген жобалар ұсынылды. Мәселен, адамның бет кескінін тану, эмоциялар мен нысандарды анықтау, машиналық оқыту мен талдау құралдары сынды өнертабыстардың функциялары көрсетілді. Сондай-ақ қаржылық пен мемлекеттік органдардың жұмысын автоматтандыру мүмкіндіктерін күнделікті қолдану, мұнай-газ саласында цифрлық қосымшаларды пайдалану нұсқаулығы түсіндірілді.

Тибор Колеяк, «Microsoft Қазақстан» компаниясының бас директоры:

- Біздің компания Қазақстанда бұлттық есептеулер мен жасанды интеллект технологияларын дамыту стратегиясын әзірлеп жатыр. Мақсаты – технологиялар мен құралдарды «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында әрбір бағдарлама жасаушыға қажетті жабдықтаманы қолжетімді ету. Отандық девелоперлер мен ІТ-стартаптарды дамытудың келешегі зор, өйткені талдау компаниялары жасанды интеллектің бизнес ретіндегі маңыздылығын триллион долларға бағалап отыр.

Хабар 24 телеарнасы