375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайлық құтқарушылар қалың қардан көліктерді шығару жұмыстарын жалғастыруда

  • 203
  • UPD: 17:02, 05.03.2019
Қостанайлық құтқарушылар қалың қардан көліктерді шығару жұмыстарын жалғастыруда

Қостанай облысында қалың қар жауып, дауыл мен боран басылмай тұр.

Дауыл жөніндегі ескертулерге қарамастан, қалың қар қоршауында қалып қойып жатқандар көп. 2019 жылғы 4-5 наурызында Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Арқалық-Қайынды және Арқалық – Аңсарлы жолдарында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді.

Ағымдағы жылдың 4 наурызында 16 сағат 41 минутта кезекші бөлімге Арқалық – Қайыңды тасжолының 50 шақырымында қалың қар қоршауында ішінде тоғыз адамы бар 4 жеңіл автокөлік қалып қойғандығы жөнінде хабарлама келіп түсті. Құтқарушылар құрамы 5 адам, өтімділігі жоғары ГТ-ТБ арнайы техникасымен және УАЗ автокөлігімен тез арада оқиға орнына шықты. Ауыр башмақты тягачтың көмегімен төр автокөлік таза жолға шығарылып, Арқалық қаласына дейін шығарып салынды.

5 наурыз түнде құтқарушылардың көмегі Арқалық-Аңғарлы тасжолының 30 шақырымында, қалың қар қоршауында екі адамы бар Нива автокөлігіне қажет болды. Құтқарушылар, өтімділігі жоғары тягач пен УАЗ автокөлігін қолданып, оқшауланып қалған көлік құралынан 2 адамды ойдағыдай эвакуациялады. Зардап шеккендерді Арқалық қаласына ойдағыдай жеткізді.

Солтүстік өңірлк аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қолайсыз ауа райы кезінде өздерінің елді мекендері аумағынан тыс жол жүруден бас таруды ескертеді.

«ҚР ІІМ ТЖК Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы (Қостанай қаласы)» ММ

Хабар 24 телеарнасы