389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үкімет мүшелері ел өңірлеріне жұмыс сапарымен барады

  • 855
  • UPD: 19:18, 05.03.2019

Үкімет мүшелері келер аптадан бастап ел өңірлеріне жұмыс сапарымен барады.

Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова осылай деді. Мұндағы мақсат – аз қамтылған отбасылардың тыныс-тіршілігін көзбен көріп, қордаланған мәселелердің шешілуіне тікелей атсалысу. Гүлшара Әбдіқалықова өз әріптестерімен бірге алдымен Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау және Атырау облыстарына табан тіремек. Сөйтіп жұртшылыққа Nur Otan партиясы съезіндегі Елбасы тапсырмаларын түсіндіріп, халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған 2,3 триллион теңгенің қалай игерілетіні жайлы ақпарат береді. Жалпы көпбалалы отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік жәрдемақыдан бөлек, аз қамтылғандарды жеңілдетілген несиемен қамту, кәсіп ашып, жеке іс бастауына көмек көрсету де жоспарда бар.

Хабар 24 телеарнасы