378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде жұмыссыз жастарға 1 млн теңге грант берілмек

  • 323
Елімізде жұмыссыз жастарға 1 млн теңге грант берілмек

Елімізде жастар корпусын дамыту жобасы биыл да жалғасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Білім және ғылым министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, тың бастаманы әрі қарай дамытуды ұйғарған. Биылғы конкурсқа 3 жарым мың адам қатысады деген болжам бар. Оларға 1 млн теңге көлемінде грант қарастырылған. Бастамашы топ төл жобаларын жарты жылдың ішінде жүзеге асыруы тиіс. Осы аралықта оларға шәкіртақы төленіп отырады. Ерекшелігі, бұл жобаға жұмыссыз немесе жалақысы төмен жас буын өкілдері ғана қатыса алады.

Гүлмира Ескендірова, жобаны басқару тобының жетекшісі:

– Жоба шеңберіндегі жастар – 14 пен 29 жас аралығындағы жастар. Бірақ басымдылық жұмыс істемейтін, оқу оқымайтын жастарға беріледі. Және жұмыс істейтін, бірақ табысы төмен жастарға беріледі. Олар өз ойларын әлеуметтік жоба ретінде ұсынады.

Жоба алғаш рет 2017 жылы қолға алынған. Осы аралықта 5 жарым мыңға жуық адам бақтарын сынап көрді. Олар ұзын-ырғасы 1600-ден аса жобаны іске асырған.

Арын Өрсәриев, ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы:

– Биыл Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары және Астана мен Алматы қалаларында осы жоба 2019 жылы басталады. Аталған аймақтарда 3500 жас талапкер мен 1100-ге жуық әлеуметтік жобалар қаржыландырылады деп жоспарлануда.

Хабар 24 телеарнасы