378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында 104 жастағы кейуана тұрады

  • 212
  • UPD: 08:25, 08.03.2019

Мереке қарсаңында Ақсу қаласының әкімдігі ұзақ жасаған анаға құрмет көрсетті.

Зоя Шаймұратова 1915 жылы Башқұртстанның Қалтай ауылында дүниеге келген. Ата-анасынан жастайынан айырылған ол нәбәрі 17 жасында тұрмысқа шыққан. Алайда жұбайы соғыста хабар-ошарсыз кетіпті. Соғыстан кейін Жамбыл облысына көшіп келген. Ал 2013 жылдан бері немересімен бірге  Ақсу қаласында тұрады. Бір ұл мен бір қызды дүниеге әкелген. Қазір екі баласынан 9 немере, 19 шөбере, 13 шөпшек сүйіп отыр. Қарт ана әлі тың көрінді. Балалары «жылына екі мәрте денсаулығын тексертіп отырамыз», – дейді. Үй ішінде өзі жүреді. Арасында далаға серуенге шығады екен.

Гүлбаһар Сейітмахамбетова, келіні:

- Неше түрлі дәрумендер береміз. Қиын енді бұл кісіге, оңай емес. Апамыздың 120-ға жеткізуге әрекет қыламыз.

Хабар 24 телеарнасы