378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚТЖ көктемгі су тасқынына қалай дайындалуда?

  • 117
  • UPD: 15:37, 11.03.2019
ҚТЖ көктемгі су тасқынына қалай дайындалуда?

Теміржолшылар пойыздардың үздіксіз және қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін көктемгі су тасқынына белсенді дайындалуда.

Жергілікті атқарушы органдары мен төтенше жағдайлар жөніндегі басқармалармен бірлесіп, теміржолшылар тасқынды су өтетін аймақтардағы барлық инженерлік құрылғыларды мұқият қарап шықты. Теміржол төсеніштеріне жақын орналасқан су қоймалары мен плотиналар тексерілуде.

Көлік құралдары, дрезиналар, автотракторлық техника толықтай дайындыққа келтірілді. Жанар-жағу майының апаттық қоры құрылды.

Су өткізу құбырларын, көпірдің технологиялық тесіктерін қоқыстан, мұздан және қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл ретте 6 мыңнан астам құрылыстар аршып алынды.

Қазіргі таңда кондициялы емес темірбетон шпалдарымен, рельс пакеттерімен, кесек тастармен жабдықталған 30-ға тарта шаюға қарсы пойыздар құрылды. Қажетті жағдайда желі қызметінің жұмысшылары қысқа мерзім ішінде жолдарды қалпына келтіреді және пойыздардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз етеді.

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде 42 шаюға қарсы пойыз жасақталады.

Тасқын су басқан жағдайда жауапты тұлғалардың тәулік бойғы кезекшілігі, қосымша аралаулар және жан-жақты тексерістер жүргізілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы