378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да қараусыз жайылған малдың кесірінен 33 жол апаты тіркелген

  • 120
  • UPD: 23:44, 15.03.2019
БҚО-да қараусыз жайылған малдың кесірінен 33 жол апаты тіркелген

Батысқазақстандық полицейлер малдың кесірінен болатын жол-көлік оқиғаларының санын азайту мақсатында жаңа жобаны қолға алды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Бұл үшін ауыл тұрғындарының қолындағы ірі қараға жарыққа шағылысатын құрылғылар тағылады. Себебі, мұндай апатты оқиғалардың көбі түнгі мезгілде болады. Көктемде далаға жайылымға шыққан мал автокөлік жолдарының бойында қараусыз жайылып жүреді. Бұл өте қауіпті. Соның салдарынан былтыр 33 жол-көлік оқиғасы болып, 2 адам көз жұмған. 8 жолаушы түрлі дәрежеде дене жарақаттарын алды.

Манарбек Нәжиев, облыстық ПД жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары:

- Малдың мойнына тағатын, флипперлер деп аталатын арнайы таспаны берген болатын.  Жол-көлік оқиғаларын зерттеп-зерделеп баға берген жағдайда көп жағдайда осы малдың кінәсінен орын алып отыр. Бақташы өзінің малын, жылқысын қараусыз қалдырып отыр.

Авторы: Талғат Серікқалиұлы

Хабар 24 телеарнасы