378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанадағы жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендер туралы айтты

  • 136
  • UPD: 14:06, 16.03.2019

Астанада газдан болған жарылыс салдарынан 4 адам зардап шекті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның біреуі оқиға орнында қайтыс болды. Құтқарушылар әйел адамның мәйітін түнгі бірдің шамасында қиранды астынан тапты. Ал аман қалған үш адамның біреуі, 1979 жылы туған азамат травматология және ортапедия ғылыми-зерттеу институтына жеткізілді. Ал 1991 және 1970 жылы дүниеге келген екі адам 2-3-деңгейлі күйікпен №1 қалалық аурухананың қарқынды терапия бөлімшесіне жатқызылды. Естеріңізге сала кетейік, жарылыс болған нысан елордадағы серіктестіктердің біріне тиесілі. Ғимарат Алаш тасжолының бойында орналасқан.

Алексей Солод, №1 қалалық ауруханасы травматология бөлімінің меңгерушісі:

– Қазіргі уақытта бізге жеткізілген екі адамның жағдайы өте ауыр. Бірі әйел адам, екіншісі ер азамат. Екеуінің де денесін 50-70 процент күйік шалған. Дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалу үшін кешенді түрде медициналық көмек көрсетіп жатыр. Қазір олардың денсаулығына қатысты алдын ала болжам жасау қисынсыз.

Бұған дейін мамандар үйінді астында қалған бір кісіні таба алмай жатыр деген дерек шыққан болатын.

Сонымен қатар ғимараттың жылыту жүйесінде ақау болғаны анықталды.

Хабар 24 телеарнасы