380.89 423.60 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бірнеше аймақта бас көшелерге Н. Назарбаевтың атын беру ұсынысы талқылануда

  • 163
  • UPD: 19:19, 20.03.2019

Еліміздің бірнеше аймағында, атап айтсақ Өскемен, Шымкент және Павлодардағы қалалық мәслихаттары кезектен тыс сессиясына жиылды.

Күн тәртібіне қойылған мәселе – бас көшелерге Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беру.

Жалпы елордамыз Астанаға Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беру туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсыныс білдірген соң дәл осындай ұсыныстар еліміздің барлық өңірінде де түсе бастады. Дәл осындай ұсыныс Өскемен қаласында болды. Облыс орталығындағы ең ұзын саналатын Тәуелсіздік даңғылын Назарбаев даңғылы деп атау жөнінде ұсыныс түскен. Ұсынысты Өскемендегі облыстық ауруxана мен бір орта мектеп және қоғамдық кеңес мүшелері ұсынған. Осыдан соң қалалық мәслиxаттың кезектен тыс сессиясын өткізу жөнінде шешім қабылданды. Сессия өтпес бұрын заң бойынша қоғамдық талқылау өтті.

Хабар 24 телеарнасы